фото: https://pixabay.com/ru/
Грузия Қазақстанға зәйтүн көшеттерін жіберді. Еліміз зәйтүн хабын құрып, экспорттаушыға айналмақ.
Грузин мамандары Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы климат зәйтүн өсіруге қолайлы деп сенеді. Былтыр инвесторлар қазақ елінің 3 аймағында зәйтүн көшетін еккен. Бұл жолы көшеттің жаңа партиясы Түркістан мен Маңғыстау облыстарына жеткізілді.
Қазақстандықтар қазан айында өз жерінде өскен зәйтүн жемісін жей бастауы мүмкін.
"Қазақстанға өсіп тұрғанына 150 жыл болған ағаштардан алынған – 10 түп, 50 жылдық – 12, 30 жылдық – 15 түп көшет жібердік. Қалған 3 жарым ағашқа 5 жыл ғана болған. Олар биыл өнім береді", - дейді компания менеджері Александр Чахнашвили.
Бейбітшілік символы – зәйтүн сабағын тиеген жүк көлігі Қазақстанда 4 күннен кейін болуы керек. Алдағы уақытта біздің елде зәйтүн өңдейтін зауыт пайдалануға берілмек. Үкімет зәйтүн экспорты үшін қажет халықаралық сертификат алуды жоспарлап отыр.
Грузияда 1 млн 200 мыңнан астам зәйтүн өсімдігі бар. Грузин майы премиум класқа жатады және Грекия, Италия мен Испаниядан кейін әлемдегі үздік төртікке кіреді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через