фото: pixabay.com
"Ауру-астан" дейді дана халқымыз. Расында деніміздің сау, көңіл-күйіміздің жоғары болуы күнделікті тұтынып жүрген тағамдарымызға, ішіп жүрген асымызға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда біз қандай тағамды жеп жүрміз? Дүкен сөрелеріндегі әсіресе консерві өнімдерін сатып алғанда құрамына мұқият зер салып, танысып шығасыз ба? Бәлкім, танысқанның күннің өзінде олардың құрамындағы зиянды қоспаларға назар аудармайтын боларсыз. Бәлкім, ол қоспалардың сіздің денсаулығыңызға зиян тигізетін уытты әсері барын білмейтін де шығарсыз?
Әртүрлі елдерде тамақ өнімдерін өндіруде пайдаланылатын тағамдық қоспалардың саны 500 атауға жетті, ал Еуропалық қоғамдастық 300-ге жуық атауды жіктеді. Бұлар бояғыш, консервант, антиоксидант, стабилизатор, қоюландырғыш, эмульгатор, қышқылды реттегіш, дәмі мен хош иісін күшейткіш, дәмдеуіш және қосымша заттар, дейді Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялыө-эпимедиялогиялық комитетінің маманы Насима Жүнісова.
Дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты нығайтуға жәрдемдесу мақсатында елімізде дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған шаралар өткізіледі. Онда ДДСҰ-ның дұрыс тамақтанудың 12 қағидаты ескерілген. Бұған тәулігіне 400 граммнан 700 граммға дейін көкөніс пен жеміс жеу, құрамында қант, тұз және май деңгейі жоғары тағам өнімдерінен бас тарту секілді ұсыныс кіреді.
Фото pixabay.com.
Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресейде 19 тамақ қоспасына тыйым салынды. Жаңартылған техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған. Тізімдегі қоспалардың біразына әлем бойынша шектеу қойылған. Мәселен, құмырсқа қышқылы, қызыл түскен бояушы кантаксантин мен құрамында алюминий бар заттар. Соңғысы құрғақ сүт, дәмдеуіш пен үгілген ірімшік жасауда қолданылады. Алюминийдің көп мөлшері орталық жүйке жүйесі мен бүйрек қызметін бұзып, онкологиялық аурулар тудыруы мүмкін. Сондай-ақ қант алмастырғыш - стевия да зиянды деп танылды, деп жазды qazaqstan.tv.
Валентин Татарицкий, ЕЭК техникалық реттеу министрі:
Тамақ құрамында «Е» деген индекспен аталатын қоспаның болуы өте қауіпті. Жаңа техникалық регламенттің 70 проценті жаңа мәтінмен толықты. Бұл талаптарды толық орындау үшін 6 ай уақыт берілді. Аталған зиянды қоспалардан ада тағам түрлерін ғана Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тұтыну құпталады.
Кез-келген дайын өнімді тұтынбас бұрын құрамын мұқият оқуды ұмытпаңыз. Егер өнім құрамында Е-102, Е-103, Е-104, Е-105, Е-106, Е-111, Е-116, Е-117, Е-121, Е-122, Е-123 қоспалары бар болса, сатып алу керек пе жоқ па, алдымен ойланып көріңіз. Деніңіздің сау болғаны ең алдымен өзіңізге керек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через