Канн фестивалінің жеңімпазы анықталды

Канн фестивалінің жеңімпазы анықталды

       Канн кинофестивалінің бас жүлдесі – «Алтын пальма бұтағының» жеңімпазы анықталды. Оны швед режиссері Рубен Эстлундтың «Мұң үшбұрышы» туындысы жеңіп алды деп жазады фестивальдің Twitter-дегі парақшасында. 

     «Мұң үшбұрышы» фильмінде керемет яхтада сауық кешін ұйымдастырып, апатқа ұшыраған бай-бағландар туралы баяндалады. Тірі қалғандары барсакелмес аралына әрең жетеді. Сәнқой модельдер мен миллионерлердің арасында балық аулауды білетін жалғыз адам – қарапайым еден жуушы болады. 

    Гран-приді француз режиссері Клер Денидің «Түстегі жұлдыздар» картинасы мен бельгиялық режиссер Лукас Донттың «Жақын» фильмі иеленді. 

      Үздік режиссер деп оңтүстіккореялық Пак Чхан Ук танылды.

      Ал үздік актриса аталымында ирандық Зар Амир-Эбрахими жеңіске жетті. 

      Ең үздік ер адам рөлінде оңтүстіккореялық актер Сон Кан Хо марапатталды

     Ақпарат дереккөзі