Ұлт театрына – 100 жыл

Ұлт театрына  – 100 жыл
фото: www.instagram.com

        Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Тұңғыш ұлт театрына 100 жыл: дәстүр, жаңашылдық және көркемдік трансформация» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталады.

       Шараға Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінен келген өнертанушы ғалымдар, профессорлар мен мәдениет қайраткерлері қатысады. Конференция аясында театр музейінің «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрмесі ұсынылады.

       Ал кешкі сағат жетіде Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясы сахналанады. Қойылыммен қатар «Ұлттық театрдың бастауы – “Еңлік – Кебек”» атты музейлік көрме де көрермен назарына ұсынылады.

       Айта кетейік, қазақтың тұңғыш кәсіби театры 1926 жылы дәл осы «Еңлік – Кебек» спектаклімен шымылдығын ашқан еді. Бір ғасырдан кейін сол тарихи дәстүр қайта жаңғырып отыр.