Әнмен өрілген ғасыр:Алматыда ÜNDESU фестивалі өтеді

Әнмен өрілген ғасыр:Алматыда ÜNDESU фестивалі өтеді

фото: www.youtube.com

       Қазақтың опера өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, күміс көмей әнші Ермек Серкебаевтың есімі мен өнері ұлт мәдениетінің тарихында айрықша орын алады. Биыл өнер саңлағының туғанына 100 жыл толуына орай Алматы қаласында халықаралық деңгейдегі мәдени шара ұйымдастырылмақ.

       16-19 қараша күндері Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің бастамасымен тұңғыш рет «ÜNDESU» халықаралық фестивалі өтеді. Төрт күнге жоспарланған өнер мерекесінде концерттік бағдарламалар, шығармашылық байқаулар, ғылыми-ағартушылық кездесулер мен білім беру бағытындағы іс-шаралар көрініс табады.

       Фестивальдің басты мақсаты – Ермек Серкебаевтың мол шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа танытып, қазақтың кәсіби музыка өнеріндегі дәстүр сабақтастығын жалғастыру. Сонымен қатар, отандық орындаушылық мектептің әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік бермек.

       Өнер мен білімді, дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстыратын «ÜNDESU» фестивалі Алматының мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың біріне айналмақ. Бұл – біртуар әншінің рухына тағзым етіп қана қоймай, оның өнер жолын жаңа буынға аманаттаудың да жарқын көрінісі.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз