Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші

Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші
фото: ticketon.kz

Алматыда 7 қарашада Республика сарайында Еңбек үздігі, Қазақ вальсінің королі, виртуоз композитор - Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші өтеді.  

Басталуы: 15:00 және 19: 30.

Эстрада әншілері композитордың көпшілікке белгілі әндерін орындайды. 

 Шәмші Қалдаяқов 300-ге жуық ән жазып қалдырды. Сырға толы, мұңға толы нәзік, ырғақты әндері қазақ даласын алақанына салып аялап, әлі де тербетіп келеді.

Саналы ғұмырында Шәмші Қалдаяқов Мұхтар Шаханов, Сабырхан Асанов, Қадыр Мырза Әли, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Төлеген Айбергенов, Зәкір Шүкіров, Тұманбай Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков сынды қазақтың дарынды ақындарымен жұмыс істеді.