Корей труппасы Астанада өнер көрсетті

Корей труппасы Астанада өнер көрсетті
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

   Кореяның ұлттық заманауи би ұжымы алғаш рет «Астана Операда» «Джунгли» хореографиялық туындысын сахналады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Тұмса табиғат тіршілігі арқылы адам өмірін фило­со­фиялық тұрғыда көрсететін бірегей қойылым көпшілік көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Джунгли» хореографиялық туындысы ұлттық заманауи би компаниясының көркемдік жетекшісі Ким Сонён жасаған атипті қозғалыстарды зерттеуге негізделген. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өз ісінің мамандарынан құралған шығармашылық ұжымның 17 әртісі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Корея ұлттық заманауи би компаниясының өнер мен табиғаттың үйлесімін туған бірегей қойылымы астаналық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 

https://kaz.inform.kz/