
фото: sputnik.kz
Қазақстанда футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты өтпейді. Мұнда мәлімдемені мәдениет және спорт министрлігі жасады.
"Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз", - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен ФИФА-ға бірлескен өтінім беруді ұсынғаны хабарланған болатын.
Қазақпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через