Микроқаржы ұйымдарынан несие алғандардың қарызы кешіріледі

Микроқаржы ұйымдарынан несие алғандардың қарызы кешіріледі

Жақында ғана «Микроқаржы ұйымдарынан берілген 28 мың қазақстандықтың қарызы кешіріледі» деген хабарлама тарады. Жалпы халықтың басым бөлігінде несиелік қаражаттар бар. Сондықтан, бұл жаңалық елдің тұрғындарын елең еткізгені рас.

Қазақстанда микроқаржы ұйымдарынан несие алған мыңдаған адамның қарызының кешірілетіні жөнінде мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахманов хабарлады. Қазан айында бірнеше депутат микроқаржы ұйымдарына аталған мәселеге қатысты сауал жолдаған еді. Проблемалық несиелердің де мәселесі қозғалды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, 1 қыркүйекке дейін микроқаржы ұйымдарының кепілзатсыз берген тұтыну несиелерінің жалпы көлемі 416 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ қарызға ақша алғандардың саны 1,3 миллион адам, ал бұл жалпы халықтың 7 пайызын құрайды.

Осы жылдың 8 айының ішінде несиені төлеу мерзімі үш айдан аса мерзімге кешіктірілген қарыздардың үлесі 18,8 пайызға артып, 71,3 миллиард теңгені құрап отыр. Ал проблемалық қарыз алушылардың саны 432,2 адам. Олардың басым бөлігі онлайн несие рәсімдегендер. Жалпы қарыз сомасы 40 миллиард теңгеге жеткен.

Бүгінгі таңда агенттік проблемалық микронесиелердің үлесін азайту шараларын атқаруда. Атап айтқанда, 1 қазанға дейін 285,5 мың адамға жеңілдік жасалды, 66,4 мың қарыз алушының 585 миллион теңге көлеміндегі несиесі толығымен немесе ішінара кешірілді және 756 миллион теңгенің өсімпұлы мен айыппұлы жойылды. Сондай-ақ, 219,9 мың борышкердің 15,3 миллиард теңгенің микронесиесі бойынша қарызды қайта құрылымдау шарасының нәтижесінде 4,8 миллиард теңгенің тұрақсыздық айыбы кешірілді.

Сонымен қатар микроқаржы ұйымдары ұсынған жеке жоспарлардың негізінде 2022 жылдың аяғына дейін 432 мың қарыз алушының 33,1 миллиард теңге көлеміндегі қарызын қайта құрылымдау жоспарланған. 107 мың адамның 0,8 миллиард теңге несиесі ішінара, ал 28 мың адамның 0,6 миллиард теңге көлеміндегі қарызы толығымен кешіріледі. Агенттік жеке жоспарлардың орындалуын бақылауды жалғастырмақ.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин несиеге жауапкершілікпен қарайтындардың және уақытылы төлемейтіндердің де бар екендігін ескеруді және «Төлеуге мүмкіндігі болса да, қарыздан қашып жүргендер де табылады. Сондай-ақ қашып жүрген, үсті-үстіне несие ала беретін, жауапкершілігі төмен азаматтардың несиесі кешіріліп, ал несиесін өзі төлеп, тапқан-таянғанын үнемдеп жүрген азаматтар жүйеге кірмей қалса, әділетсіздіктің болатыны» жөнінде өте орынды пікірін білдірді.

Сонымен бірге, «Несиелерді кешіру кезінде отбасының әлеуметтік жағдайын мұқият зерттеуді, мәселен, әлеуметтік жағдайы кезінде жақсы болған, бірақ кейін табыс тауып отырған адам қайтыс болса немесе  жұмыстан шығып қалса, олардың несиесін ішінара кешіруге болатынын, бірақ, адамдардың бәрінің несиесін жаппай кешіре берудің дұрыс еместігін» де атап өтті.

Сонымен 1 қазандағы жағдайды бағамдайтын болсақ, «Банк секторы бойынша өтелмеген қарыздардың деңгейі 802 миллиард теңгеге дейін өсіп, жалпы несие портфелінің 3,6 пайызын құраған. «Шағын және орта бизнесті қоса алғанда, тұлғалардың портфелінде төлеу мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген қарыздардың үлесі 3,5 пайыз немесе 349 миллиард теңге болды. Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 3,7 пайыз немесе 453 миллиард теңге» деді агенттік.

Қазіргі кезде проблемалық берешекті қайта құрылымдау тәртібі заңнамада белгіленген. Қазір борыш жүктемесін азайту қарыз алушылардың өтініші байынша жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде микроқаржылық ұйымдар қарыз алушының қаржылық жағдайын, оның кірісінің деңгейін, әлеуметтік мәртебесін және өмір сүру жағдайларын жеке талдау негізінде айқындайды.

Агенттік өкілдерінің хабарлауынша «Қайта құрылымдауды жүргізу туралы ақпарат қарыз алушының несие тарихында көрсетіледі» екен, яғни болашақта несие алатын болса кешірілім берілгені ескерілетін болады.

Қазақстанда екінші деңгейлі (коммерциялық) банктер және микроқаржылық компаниялар бар. Бұл екеуін бір-бірінен ажырата білуіміз керек.

Коммерциялық банктер кепілдікпен және кепілдіксіз ақшалай несиелер мен автонесиелер береді. Ал енді келесі микроқаржылық компаниялар коммерциялық банктер сияқты ірі көлемде несиелер бере алмайды. Дегенмен, өзінің шектеулері бойынша қарызға ақша бере алады.

Менің 2022 жылы 14 қыркүйекте Standart.kz сайтында жарияланған «Халық несиесіне рақымшылық жасалғанын қолдамаймын» мақалам және 2022 жылы 08 қараша «Астана» телеканалына берген «Елімізде микроқаржы ұйымынан алған 28 мың адамның несиесі толық кешіріледі» сұқбатымнан кейін, «Менің Халық банкінен кепілдікпен алған несием жабылады ма?» немесе «Каспи банкінен кепілдіксіз алған несиемді төлемей тұрсам бола ма?» деп, бірнеше адамдар хабарласты.

Жоғарыда аталған ақпаратты естісімен, «ой, қарыз кешіріледі екен ғой» деп көптеген адамдар микроқаржылық ұйымдардан несие алып үлгерген. Бұл енді үлкен қателік, себебі кімнің қарызы кешірілетіні жөнінде жыл басынан бері қарыз алушылардың әлеуметтік жағдайы ескеріліп, 3 айдан аса мерзім төлемеген тұлғалардан тізімі жасалынды.

Мына мәселеге баса назар аудару керек, сіздің бүгін алған микронесиеіңізді ешкім кешірмейді. Жалпы, «Микронесиені кешіре береді екен», «Бұрынғы қарыздарды кешіріп жатыр, мен қазір ала салайын, түбінде келесі жылы төлемей кетсем кешіреді» деген ойдан аулақ болуы тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 26 маусымда: «Адамдар кредиттері бойынша қарыздарын қалай өтерін білмей отыр. Бұл проблема шамамен 100 мың азаматымыздың өмірлік мүддесіне қатысты. Мұның барлығы сарапталған және есептелген. Қазақстанның басшысы ретінде адамдардың белшеден батқан қарыздан шығуға қауқарсыз екендігін көре отырып, бұған араласпай тұра алмаймын. Сондықтан Үкіметке бір реттік акция ретінде келесі шараларды қабылдауды тапсырдым: жоғарыда атап өткен санаттағы әрбір заемші үшін нақты және атаулы қаржылай көмек ретінде мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді», - деп атап өткен еді.

«Бұл акция, яғни несиені кешіру бойынша акция тек қана бір рет болады. Бұған дәнікпеу қажет. Кешірімге үйреніп кетіп, үнемі үміттеніп отыруға болмайды».

Естеріңізде болса, 2019 жылы мемлекеттің есебінен 1 млн 200 мың несие алған адамның 33 миллиард 600 мың теңге  несиесі кешірілген еді. Осы акция болған кезде Президент ескертіп айтты: «Бұл бір реттік акция. Бұған үйреніп, дәнігіп кетіп, тағы да несие алмаңыздар» деп. Ал енді арада аз ғана уақыт өтсе де, адамдардың несиесін кешіру екінші рет жасалып отыр. Себебі қандай? Менің ойымша, пандемия кезінде көптеген отбасыда ір түрлі жағдайлар орын алды: бірі отбасын асыраушысынан немесе жақын туыс бауырларынан айрылса, бірі жұмысынан қысқарып, жұмыссыз күйге түсті. Осыған орай Мемлекеттің басшысы халықтың мұң мұқтажына назар аударып, әлеуметтік жағдайын ескеріп, несиесін кешіруге рұқсат беріп отыр.

Жоғарыда жағдайларды ескере келе, Мемлекет басшысының халықтың жағдайына назар аударғаны өте орынды, бірақ қазақ халқында «Адамға балық берме, қармақ бер» деген керемет даналық сөз бар. Біз адамдардың несиесін кешіру арқылы, масылдыққа әкелуіміз мүмкін, сондай-ақ жауапкершілігін азайтамыз.

Осының орнына «Еститін Үкіметімізге» бірнеше ұсыныстар айтқым келеді:

1. Онлайн несие беруді мүлдем тоқтату керек және сауда орындары мен көпшілік жерлерінде орналасқан онлайн несие беру аппараттарын алып тастау қажет.

2. Жеке тұлғаларға несиені тек, коммерциялық банктер ғана берсін, төлем қабілеттілігін ескере отырып, келісім шарт негізінде, өзі келіп қол қою арқылы, жауапкершілікті сезінеді.

3. Несиенің пайыздық мөлшерін 3-5 пайызға (дамыған мемлекеттерде 1-2 пайыз) дейін түсіру және қысқа мерзімге беру (1 айдан 1 жылға дейін).

4. Микроқаржылық ұйымдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді жүзеге асырсын.   

 

Керімбек Ғалымжан Есқараұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты

Фото:  Nur.kz

 

 

 

Подписаться

Комментарии

Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите

Авторизация через

101 комментарии

  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Несиеге деген тәуелділіктен арылу керек!
  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданса, жағдай басқа болар еді!
  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Микроқаржылық ұйымдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді жүзеге асырсын.
  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Несиенің пайыздық мөлшерін 3-5 пайызға (дамыған мемлекеттерде 1-2 пайыз) дейін түсіру және қысқа мерзімге беру (1 айдан 1 жылға дейін).
  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Жеке тұлғаларға несиені тек, коммерциялық банктер ғана берсін, төлем қабілеттілігін ескере отырып, келісім шарт негізінде, өзі келіп қол қою арқылы, жауапкершілікті сезінеді.
  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Жеке тұлғаларға несиені тек, коммерциялық банктер ғана берсін, төлем қабілеттілігін ескере отырып, келісім шарт негізінде, өзі келіп қол қою арқылы, жауапкершілікті сезінеді.
  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Онлайн несие беруді мүлдем тоқтату керек және сауда орындары мен көпшілік жерлерінде орналасқан онлайн несие беру аппараттарын алып тастау қажет.
  • Диас Бекжан
    Диас Бекжан
    Айтып отырған ұсыныстарыңыз өте орынды. Ұсныстарыңызға толықтай келісемін. Әсіресе онлайн несие беруді тоқтату керек. Соңын кесірінен көптеген қазіргі жастар онлайн несие алып, соны төлей алмай жүр. Сондықтан мемлекет тарапынан интернет желісіндегі қазіргі кезде жарнамалары көбейіп кеткен онлай несие беретін ұйымдарға тыйым, яғни шектеу салу керек. 
  • Ертай Арапов
    Ертай Арапов
    Жастарға өте қажет ақпарат 
  • Жумагали Мырзакерым
    Жумагали Мырзакерым
    Керемет!
  • Жумагали Мырзакерым
    Жумагали Мырзакерым
    Мақаланы толықтай оқып шқтым.Толықтай келісемін.Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.
  • Жанболат Айтбай
    Жанболат Айтбай
    Өте өзекті мәселе жазылған екен! Пікіріңізбен толықтай келісемін! Сізді толықтай қолдаймыз!
  • Диас Бекжан
    Диас Бекжан
    Өте керемет. Қазіргі кезге керек орынды мәселе. Дұрыс айтылған.
    • Нуржан Муратов
      Нуржан Муратов

      Ғалымжан Есқараұлы мақалаңыз керемет жазылған. Қаламыңыз талмасын!!!

  • Азиза Елемес
    Азиза Елемес
    Тәуелсіз Қазақстанды несиеге тәуелділіктен құтқару керек ?
  • Мейрамбек Жайлау
    Мейрамбек Жайлау
    Керемет!
  • Мадина Акмергенова
    Мадина Акмергенова
    Ғалымжан ағай өте терең сараптап берді. Ағайдың пікірімен келісемін!
  • Zulphina Zheksenkyzy
    Zulphina Zheksenkyzy
    Қазіргі кездегі өте өзекті мәселелердің бірі. Ұсынысыңзбен толықтай келісемін. Керемет жазылған мақала ??
  • Бергенова Тәттігүл
    Бергенова Тәттігүл
    Ағай сізбен толықтай келісемін. Мақала керемет жазылған??
  • Nazerke Makulbek
    Nazerke Makulbek
    Мақала өте сауатты жазылған. Толықтай келісемін!
  • Nazerke Makulbek
    Nazerke Makulbek
    Мақала өте сауатты жазылған. Толықтай келісемін!
  • Ерлет Хансұлтан
    Ерлет Хансұлтан
    Толықтай оқып шықтым, өте тамаша жазылған!     Сіздің пікірінізбен келісемін!!
  • Мерей Жұбаназар
    Мерей Жұбаназар
    Мақала жақсы жазылған. Автормен толықтай келісемін.
  • Murtaza Fatima
    Murtaza Fatima
    Мақалаңызды оқып шықтым,толықтай келісемін,өте керемет жазылған
  • Кумисбек Батыржан
    Кумисбек Батыржан
    Ассалаумағалейкум,өте тамаша жазылған мақала рахмет Ғалымжан Есқараұлы?
  • Азиза Канаткызы
    Азиза Канаткызы
    Когамда кеңінен талқылануда толыктай келісемін
  • Салин Хатира Сакенкызы
    Салин Хатира Сакенкызы
    Толық келісемін! Бұл менің Ғалымжан Есара ұлының мақаласын алғаш оқуым емес.Ылғи да дұрысын айтады. Бұл шешім негізінде жаңа алаяқтықтың толқынына әкеледі деп ойлаймын
  • Bota Duysenova
    Bota Duysenova
    Толықтай келісемін, Ғалымжан Есқараұлы! Өте керемет жазылған!
  • Асқарова Айнагүл
    Асқарова Айнагүл
    Өте өзекті тақырыпта жазылыпты??
  • Асқарова Айнагүл
    Асқарова Айнагүл
    Өзіме көп пайдалы аөпарат алдым. Мақалаңызға рахмет. Керемет??????
  • Амина Бахытжанова
    Амина Бахытжанова
    Қайырлы күн,мақалаңызды оқып шықтым,толықтай келісемін,қазіргі заманның дерді гой бұл,халықтың әл-ауқатының жақсаруына бұл сәл де болса септігін тигізеді деп сенеміз,жалпы әрбір қазақ ешкімге қарыз болмай,бай қуатты өмір сүрсін??????
  • Nazerke Makulbek
    Nazerke Makulbek
    Мақала өте сауатты жазылған. Толықтай келісемін ??
  • Анеля
    Анеля
    Мақалаңыз өте керемет екен. Сізбен толықтай келісемін.
    • Қыдырқызы Ақтоты
      Қыдырқызы Ақтоты

      Дұрыс айтасыз Ғалымжан ағай? Қазіргі таңда бұл өзекті тақырыптардың бірі болып табылады?

  • Мықтыбай Мухаммед-Али
    Мықтыбай Мухаммед-Али
    Өзекті мәселе қозғалған, толықтай келісемін??
  • Томирис Рахимжан
    Томирис Рахимжан
    Оте керемет мақала! Толықтай дерлік келісемін, микроқаржы қазіргі кездегі өзекті мәселердің бірі. 
  • Ақерке Бекен
    Ақерке Бекен
    Ғалымжан Есқараұлы бұл ұсынысыңызбен толықтай келісемін.Қазақстанда қазіргі таңда Микроқаржы ұйымдарынан қарыз алушылар өте көп.Алдын-алу шараларын ұйымдастыру қажет деп ойлаймын.
  • Dias Hamitov
    Dias Hamitov
    Мақалаңызды оқып шықтым.Толықтай келісемін қазіргі кезде микроқаржылық ұйымдар жеке тұлғаның төлем қабілеттілігін ескермей беріп жатады.
  • Шынгыс Кенжебай
    Шынгыс Кенжебай
    Өте ауқымды мәселелер қамтылып жазылған екен, өте керемет ??????
  • Жанерке Қайратқызы
    Жанерке Қайратқызы
    Қазіргі кездегі өте өзекті мәселелердің бірі , толықтай келісемін пікіріңізге Ғалымжан Есқараұлы!
  • Мәдина Өмірбай
    Мәдина Өмірбай
    Толықтай оқып шықтым, өте тамаша жазылған!     Сіздің пікірінізбен келісемін!!
  • Шыңғысхан Әуелбеков
    Шыңғысхан Әуелбеков
    Мақалаңызбен таныстым, өте дұрыс айтасыз,бұл өзекті мәселелердің бірі,толықтай келісемін!
  • Асылбеккызы Аружан
    Асылбеккызы Аружан
    Несиеге кешірім беру Сіз айта кеткендей 1 рет мүмкіндік берілетін нәрсе. Сол адамды әрбір несие алушы несие алмастан бұрын өз алдындағы жауапкершілігін сезіну керек деп ойлаймын. Мақалаңыз өте керемет! Қазіргі таңдағы өте өзекті мәселе қозғалған!
  • Анель Жумаханова
    Анель Жумаханова
    Сізбен толықтай келісемін!
  • Асылбеккызы Аружан
    Асылбеккызы Аружан
    Несиені тек екінші деңгейлі банк беру керек , себебі банк несие алушының несие тарихын, төлем қабілетін тексере алады жане несие алушы тек төлеуге қабілетті болғанда ғана несие береді , ал бұл кезде несие алушы өз алдындағы жауапкершілікті сезінеді деген ойдамын. Халықтың несиеніне рақымшылық жасауды қолдамаймын деген ойыңызбен де толықтай келісемін.
  • Асылбеккызы Аружан
    Асылбеккызы Аружан
    Басқа елдермен салыстыра қарағанда , бізде несие берудегі процент өте жоғары, яғни былай қарағанда алған соманы 2 есе төлейді десе де болады. Сол үшін осы жерде пайыздық ставканы төмендету керек деп ойлаймын. Және де микрокредиттік ұйымдардың несие беруіне толықтай қарсымын.   
  • Асылбеккызы Аружан
    Асылбеккызы Аружан
    Ғалымжан Есқараұлы, мақалаңыз өте керемет жазылған. Қазіргі таңда шынымен де төлем қабілеттіліктерін ойламай, несие алушылар қатары өсіп келе жатыр. Көптеген қарыздар уақытылы жабылмай, үлкен сумманы құрап отыр. Қарыз алушылар несие алар алдында толықтай ойланып, тек шешім қабылдаса екен дейміз. Себебі, бұл үлкен жауапкершілікті қажет етеді.   
  • Азамат Шайзатов
    Азамат Шайзатов
    Өте керемет, қолдаймыз???
  • Бекзат Мамахан
    Бекзат Мамахан
    Мақала ұнады,өте орынды.
  • Бекзат Мамахан
    Бекзат Мамахан
    Мақала ұнады,өте орынды.
  • Максат Абилов
    Максат Абилов
    Оте керемет магыналы мақала екен????
  • ayazhan NURZHAN
    ayazhan NURZHAN
    осындай өзекті тақырыптарды қозғайтын адамдардың болғаны қандай жақсы!
  • Ильяс Жолдыбаев
    Ильяс Жолдыбаев
    Мақала ұнады! Әсіресе қазіргі уақытта өте актуалды тақырыпты қозғапсыз.
  • ayazhan NURZHAN
    ayazhan NURZHAN
    Ия, микроқаржылық ұйым беретін несиеге жаман уйренбеу керек, бұл тіпті адамның тұлғалық дамуына,санасының дамуына кері әсерін береді, өйткені жеңіл жолмен алып үйренген сайын, адам еңбек еткісі келмей, осындай ұйымдарға сеніп қалады. Әрине, бұл халқымыздың да болашағына кері әсерін тигізедц.көбінесе бұны жастар алады, одан кейін қайтара алмайды.Экономика жағынан  да ауырьпашылық туғызады.
  • Айнель Косумова
    Айнель Косумова
    Мақала жақсы жазылыпты, өте нақты әрі түсінікті жазылған, сіздің ойыңызбен толықтай келісемін. ?
  • Danagul Ussenbay
    Danagul Ussenbay
    Мақаламен толықтай келісемін, қоғамда кеңінен талқылануда
  • Жанель
    Жанель
    Керемет! Өте орынды айтылған, ұсыныстармен толық келісемін. Өзіме керек мәлемет алдым.????
  • Жанель
    Жанель
    Керемет! Өте орынды айтылған, ұсыныстармен толық келісемін. Өзіме керек мәлемет алдым.????
  • AYA PAK
    AYA PAK
    Макаланызды окып шыктым, оте дурыс айтасыз. 
  • Aiym Tilekbayeva
    Aiym Tilekbayeva
    Қазіргі кездегі қоғамда кеңінен талқыланатын тақырыптардың бірі. Толықтай келісемін!
  • Erkezhan Kasymova
    Erkezhan Kasymova
    Сізбен толықтай келісемін. Өте дұрыс айттыңыз!!
  • Akbota Marat
    Akbota Marat
    Бүгінгі таңда микроқаржы өзекті мәселелердің бірі. Мақала орынды жазылған, қолдаймын! Шынында мемлекет несиені кешіруден бұрын жақсылап тексеруі тиіс.
  • Айтуар Әкежан
    Айтуар Әкежан
    Мақала өте орынды,келісемін сізбен ! Қазіргі кезде займ алушылар өте көп  микроуйымдардың қоғамға қажеті жоқ деп ойлаймын !!!
  • Бауыржан Мухамади
    Бауыржан Мухамади
    Өте орынды! Толықтай келісемін 
  • Айнур Сейдалиева
    Айнур Сейдалиева
    Халыққа осылай дұрыс ақпарат тарату қажет!  Айтқаныңызбен толықтай келісемін. Мақала өте түсінікті әрі нақты жазылған!
  • Аяжан Тореканова
    Аяжан Тореканова
    Өте қызықты тақырып. Қазіргі таңда өте маңызды мәселелердің бірі.
  • Kalyk Abdullayev
    Kalyk Abdullayev
    Керемет ағай  ??
  • Данияр Куатулы
    Данияр Куатулы
    Бұл мақалада өзекті мәселені қозғаған,керемет жарайсыз✊
  • Нурали
    Нурали
    Керемет???, ұсыныстармен толық келісемін
  • marzhan Nusupbek
    marzhan Nusupbek
    Мақалада қазіргі таңдағы проблема анық жазылған. Микрокредит ұйымдарды жауып ол қызметтерді банкке берген дұрыс..
  • Akerke Tm
    Akerke Tm
    Мақала керемет жазылған. Сізге тек сәттілік, ары қарай дами беріңіз!✨
  • Лаура
    Лаура
    Өте орынды айтылған! Толықтай келісемін. 
  • Азиза Торегелдиева
    Азиза Торегелдиева
    Өте нақты әрі түсінікті жазылған. Керімбек Ғалымжан Есқараұлы сіздің бұл ұсынысыңызды толықтай қолдаймын!
  • Камила Пернебек
    Камила Пернебек
    Бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі - осы микронесие. Мақалада талқыланған мәліметтер мен ұсыныстар жиынтығы өте жақсы! 
  • Берикбаева Анель
    Берикбаева Анель
    «Микроқаржы ұйымдарынан берілген 28 мың қазақстандықтың қарызы кешіріледі» Бұл халық үшін керемет жаңалық,себебі қазіргі жағдайда қарызды төлеу біріне оңай болса,біріне қиын.Дұрыс,мен қолдаймын!Халықтың жағдайы жасалғаны керемет!
  • Assem Seitkamalova
    Assem Seitkamalova
    Мақаланы толықтай оқып шықтым. Сіздің ойыңызбен келісемін?
  • Baglan Bazarbay
    Baglan Bazarbay
    Дұрыс айтылған, микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаларға несие беруін тоқтату керек
  • Галымжанова Айсулу Канышевна
    Галымжанова Айсулу Канышевна
    Өте керемет айтылған ??
  • Madina Munaitpasova
    Madina Munaitpasova
    Қазіргі уақытта тақырып өте ауқымды болып отыр. Халықтың қазіргі жағдайы бәрімізге белгілі. Мақалаңыз өте керемет жазылған, елдің жағдайын толық көрсетіп тұр десек те болады.
  • Music Channel
    Music Channel
    Қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Бұл мәселеге аса мән беріп, қолға алу керек деп ойлаймын
  • Асем Омирбекова
    Асем Омирбекова
    Қазіргі таңдағы проблеманың бірі. Несиелерді кешіру кезінде отбасының әлеуметтік жағдайын мұқият зерттеуді дұрыс деп санаймын
  • Jahangir Reyimbayew
    Jahangir Reyimbayew
    Толыктай келисемин. Керемет ?????
  • Сагира Сарсеналы
    Сагира Сарсеналы
    Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі,толығымен келісемін
  • Сагира Сарсеналы
    Сагира Сарсеналы
    Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі,толығымен келісемін
  • Ауезхан Шашаев
    Ауезхан Шашаев
    Орынды айтылған, барлық мәселенің негізгі түп тамыры мен шешілу жолдары қарастырылған.  Мақала ұнады, әсіресе ұсыныстар несиенің болашағына қатысты тың ойлармен негізделген.       
  • Куралай
    Куралай
    Өте керемет жазылған!Толықтай келісемін
  • Жульетта Табигат
    Жульетта Табигат
    Ғалымжан Есқараұлы, мақалаңыз ұнады. Шынымен де қазіргі таңда несие алушы азамттарымыздың саны жетерлік. Алайда сіз атап өткен жағдайларға байланысты, көптеген қарыздар уақытылы жабылмай, үлкен суммаларды құрап отыр. Осы бір үкімнен кейін, қарыз алушардың жауапкершілігі артылып, ендігі несие алу істері ақырындап азаяды деген үміттемін.
  • Arai Mukhtarovna
    Arai Mukhtarovna
    толығымен келісемін????
  • Мерей
    Мерей
    Толықтай келісемін. Керемет??????
  • Жанару Анарқұл
    Жанару Анарқұл
    Дұрыс айтасыз,мақалада бәрі нақты айтылған екен.
  • Никто
    Никто
    Всё чётко и круто! А главное - расставлено по полочкам 
  • Biba Duis
    Biba Duis
    ??????
  • Аружан Ксембаева
    Аружан Ксембаева
    Керек мәліметтердің бірі Рахмет!
  • Акжан Орынбасаров
    Акжан Орынбасаров
    Өте керемет!!! Қазіргі кезде микроқаржылық ұйымдар өте көбейіп кетті. Жастар арасындағы өзекті проблемалардың бірі деген ойдамын?????✨✔️
  • Диас Асан
    Диас Асан
    Оте кызыкты жане керекти макала!Ойынызбен толыктай келисемин!
  • Диас Асан
    Диас Асан
    Оте кызыкты жане керекти макала!Ойынызбен толыктай келисемин!
  • Akgul Kapar
    Akgul Kapar
    Қазіргі таңдағы ең өзекті бір мәселені осы мақалаңызда өте жақсы,түсінікті талдап шықтыңыз.Сіздің ұсыныстарыңызды толықтай қолдаймын.Керемет мақала!
  • Asem Kolbay
    Asem Kolbay
    Қазіргі таңдағы өте өзекті мәселеге жазылған мақала!Сіздің ойыңызды және ұсыныстарыңызбен толық келісемін!??
  • Саят Ахмет
    Саят Ахмет
    Керемет жаңалық! Халыққа жақсы жағдай жасалуда!
  • Саят Ахмет
    Саят Ахмет
    Керемет жаңалық! Халыққа жақсы жағдай жасалуда!
  • Данабек Дильжанов
    Данабек Дильжанов
    Толықтай келісемін??
  • Олжас Аубакир
    Олжас Аубакир
    Мақалаңызды оқып шықтым.Толықтай келісемін қазіргі кезде микроқаржылық ұйымдар жеке тұлғаның төлем қабілеттілігін ескермей беріп жатады.
  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Қоғамда кеңінен талқылануда!