
Артық болмас білгенің
Швецияның Svenska Dagbladet ғылыми ұсыныстар негізінде мидың қартаюын бәсеңдетудің жеті әдісін атады деп жазады Massaget.kz.
-
Ғалымдар бірінші кезекте көбірек жаттығу жасауға шақырады. Дене белсенділігі миға да пайдалы.
-
Мидың өмірін ұзарту үшін күніне 7 сағаттан астам ұйықтау қажет. Аз ұйқы 50-60 жылдан соң мидың қартаю қаупін арттырады.
-
Жақсы тамақтану да маңызды. Каролина институтының профессоры Мэй-Лис Хеленниус көбірек көкөністер, жемістер, жаңғақтар, цитрус, зәйтүн майы және балық жеуге кеңес береді.
-
Артық салмақтан арылу керек.
-
Ішек микрофлорасына күтім жасау керек. Басылымның мәліметінше, ми мен іш құрылысы арасында тұрақты байланыс бар. Психикалық денсаулыққа қажет серотонин гормонының 90 пайызы ішекте, он пайызы мида пайда болады.
-
Отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болу өте маңызды, өйткені отбасындағы атмосфераның жақсы болуы ми денсаулығына жақсы әсер етеді.
-
Ғалымдар сонымен бірге өмір бойы жаңа нәрселерді білуге ұмтылу керек екенін айтады. Өйткені ізденіс мида жаңа жасушалардың пайда болуын қамтамасыз етедіі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через