Дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақылар төленбейді
Үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда дәрігерлерге "ковидтік" үстемақылар төленбейтін болады. Ал осы күзде медицина қызметкерлеріне ынталандыру төлемдерінің алдыңғы мөлшерінің 50% - ы есептелетін болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Президенттің қатысуымен өткен кеңесте мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бастап көрсетіліп келеді. Қазірдің өзінде жалпы 229 миллиард теңге төленген.