
фото: https://sputnik.kz
Алматыда химиялық заттан улану салдарынан төрт бала ауруханаға түсті
Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"2022 жылдың 11 шілдесінде химиялық заттан улану белгілерімен 4 бала Шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жатқызылды. Олар орталықтың токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр".
Балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бірқатар БАҚ-та жарияланған бейресми мәліметке сәйкес, балалар жарысқа қатысу үшін Алматыға келіп, қонақүйлердің біріне тоқтаған. Қонақ үйде жәндіктерге қарсы өңдеу шаралары жүргізілген.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік беруден бас тартты.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через