Алматыда химиялық заттан улану салдарынан төрт бала ауруханаға түсті

Алматыда химиялық заттан улану салдарынан төрт бала ауруханаға түсті
фото: https://sputnik.kz

Алматыда химиялық заттан улану салдарынан төрт бала ауруханаға түсті

Бұл  ақпаратты  қалалық   қоғамдық   денсаулық  сақтау  басқармасының баспасөз  қызметі  растады.

"2022  жылдың 11 шілдесінде химиялық заттан улану белгілерімен 4 бала Шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жатқызылды. Олар орталықтың токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр".

Балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бірқатар БАҚ-та жарияланған бейресми мәліметке сәйкес, балалар жарысқа қатысу үшін Алматыға келіп, қонақүйлердің біріне тоқтаған. Қонақ үйде жәндіктерге қарсы өңдеу шаралары жүргізілген.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік беруден бас тартты.

Мәтіндегі ақпарат туралы