Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мен колледж студенттері онлайн оқитынын мәлімдеді.
"Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды", - делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.
Алматыда қар әлі жауып жатыр. Ауа райы болжамы бойынша, қар тағы бір күн жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото azh.kz.