Студент өлімі. Проректор мен декан қызметінен босатылды

Студент өлімі. Проректор мен декан қызметінен босатылды

фото: ru.wikipedia.org

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студент өліміне байланысты мәлімдеме жасады. Университет баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдайға байланысты ЖОО басшылығы тарапынан шұғыл шаралар қабылданған. 

Атап айтқанда, жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмағаны үшін Басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор, сондай-ақ география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы лауазымдарынан босатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 Фото: Gov.kz

Бұдан бөлек жатақханада сол күні кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетілген. Қазір олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

- Болған оқиға – университет қауымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Студентіміздің қазасы қабырғамызды қайыстырды. Университет отбасымен байланыста және қажетті қолдау көрсетуге әрдайым дайын, - деп хабарлады университеттен.

Сондай-ақ қазір барлық жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіби психологиялық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар енгізілгені атап өтілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл оқиғаға қатысты ешқандай деректі жасырмайтынын, құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеуге көмек көрсетіп жатқанын және істің әділ, ашық өтуіне тікелей мүдделі екенін мәлімдеді.

Еске салайық, кеше Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде оқыған бірінші курс студенті мерт болған еді.

 

Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите