Алматы оқушылары мен колледж студенттері ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Алматы оқушылары мен колледж студенттері ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мен колледж студенттері онлайн оқитынын мәлімдеді.

"Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды", - делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.

Алматыда қар әлі жауып жатыр.  Ауа райы болжамы бойынша, қар тағы бір күн жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото azh.kz.