
Асланбек Шымбергенов қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске қол жеткізіп, келесі кезеңге өтті.
Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта 37 жастағы Аарон Принспен жұдырықтасты. Жалпы есеп – 5:0. Асланбек Шымбергенов келесі айналымға өтті.
Келесі кезеңге өткен Асланбек Шымбергенов: Шаршы алаңның сыртында: "Қарсыласым да осал емес екен. Елге алтын медальмен оралу үшін аянып қалмаймын", - деді.
Aikyn.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через