Астана – Семей бағытындағы Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон сақталды

Астана – Семей бағытындағы Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон сақталды

фото: https://pixabay.com/

Жаңа пойыз Астанадан Семейге қарай 13 қарашада жолға шығады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ №153/154 "Нұрлы жол – Семей" бағыты бойынша қатынайтын Stadler пойыздарында әйелдер вагоны қызметі сақталғанын хабарлады.

Әйелдерге арналған вагон жолаушылардың сапар кезіндегі жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және жолаушыларға тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, әйелдер вагонында 7 жасқа дейінгі ұл балалардың жүруіне рұқсат етіледі. Әйелдер вагонындағы билет бағасы осы санаттағы басқа вагондардың билет құнымен бірдей.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Онлайн билет сатып алу кезінде әйелдер вагоны "ЖН" белгісімен көрсетіледі.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите