Жедел жәрдем шақырғандар көліктің қозғалысын картадан көре алады

Жедел жәрдем шақырғандар көліктің қозғалысын картадан көре алады

фото: tengrinews.kz

       Жедел жәрдем көлігінің бағытын картадан онлайн бақылауға болады.

       Бұл норма Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі бұйрық жобасында көрсетілген. 

       Жаңа жүйе 2026 жылғы 13 қазаннан бастап іске қосылады. 

       Диспетчер шақыртуға медициналық бригаданы бекіткеннен кейін пациентке автоматты түрде хабарлама жіберіледі. Сонымен қатар кейбір шақыртуларды емханалардың мобильді бригадалары қабылдайды. 

       Жедел жәрдем шақырғаннан кейін азаматтарға SMS келеді. Азамат жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын геосервис арқылы нақты уақытта көре алады. Бұл үшін жедел медициналық көмектің автоматтандырылған жүйесі бригада туралы қажетті ақпаратты тиісті сервиске береді. Яғни енді азаматқа бригаданың қашан келетіні туралы ақпаратты тек диспетчерден сұраудың қажеті жоқ. Оның қозғалысын картадан бақылауға мүмкіндік беріледі. 

       Осылайша жедел жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі шақыртуға жіберілген бригада туралы ақпаратты науқастың туыстарына немесе жедел жәрдем шақырған адамға көрсетеді. 

       Бұған дейін бұл функция Қазақстанның кейбір қалаларында, соның ішінде Астанада сынақтан өткен. 

       Жаңа талап жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістерде қарастырылған. Құжатта медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін жедел медициналық көмек тәртібі де қамтылған.

        https://24.kz/kz/

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите