Теміржолға Smart Диагностика жобасы енгізіліп жатыр

Теміржолға Smart Диагностика жобасы енгізіліп жатыр

фото: pixabay.com

Қазақстан теміржол желісінде іске асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі— Smart Диагностика. Бұл жүйе теміржолдағы ақаулар мен тәуекелдерді алдын ала анықтап, дер кезінде қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Диагностикалық кешендер қозғалыс кезінде теміржолын автоматты түрде сканерлейді. Жиналған деректер спутниктік байланыс арқылы бірыңғай жүйеге түсіп, автоматты түрде талданады.
Мысалы, үшінші қазанда Қарағанды облысында рельс басының бүйірлік тозуы анықталды. Тозу деңгейі — 16,9 мм, ал рұқсат етілген шегі — 15 мм. Жөндеу жүргізілмесе’, 2027 жылғы мамырға қарай тозу 20 мм критикалық деңгейге жетуі мүмкін.
Бұл жағдайда пойыз қозғалысының жылдамдығын сағатына 40 шақырымға дейін төмендетуге, ал кейбір жағдайда учаскені уақытша жабуға тура келеді.

Ақауларды алдын ала анықтау қауіпсіздікті арттырып, жылдамдық шектеулерін азайтуға және 2029 жылға дейін 11 000 шақырым жолды жаңарту аясындағы жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жобаның 2030 жылға дейінгі экономикалық тиімділігі 100 млрд теңгеден астам деп бағаланады.

Фото: pixabay.com.

Жылжымалы құрамды интеллектуалды диагностикалау — KinetiX

Бүгінде вагондардың техникалық жағдайы негізінен мамандардың қолымен тексеріледі. Енді бұл жұмысты автоматты жүйеге көшіріледі.
Осы мақсатта америкалық Wabtec компаниясымен бірлесіп KinetiX интеллектуалды диагностика жүйесі енгізіліп жатыр.

Камералар мен машиналық көру технологиялары жүріп бара жатқан пойызды автоматты түрде тексеріп, ақауларды анықтайды және техникалық тексеруді қажет ететін вагондарды алдын ала белгілейді.

Сегіз айдың ішінде 4,6 млн ось, яғни бір миллионнан астам вагон диагностикаланды. 17,6 мыңнан астам ақау анықталды.  Алынған нәтижелерді ескере отырып,  технология 2027 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін тағы 6 теміржол торабына (Тобыл, Екібастұз, Достық, Алтынкөл, Шалқар және Арыс.) енгізіледі. (Тобыл, Екібастұз, Достық, Алтынкөл, Шалқар және Арыс.)
 

Фото: pixabay.com.
 
Жолаушылар пойыздарындағы интернет

Жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылығын арттыру үшін пойыздарда интернет енгізу жұмыстарыаяқталды.
Бүгінде 51 бағыттағы 108 пойыздың 1 500 астам вагоны Starlink спутникті интернетімен жабдықталған. 

Бұл қызметті жыл сайын 11 миллионнан астам жолаушы пайдалана алады.
Қазіргі уақытта «Транстелеком» компаниясымен бірлесіп жолаушыларға интернет қызметін ұсыну шарттары пысықталып жатыр.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите