Барлық көлік жанармай жүйесін тазарту үшін техникалық қызмет көрсету станцияларына жіберілді
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушілері Зеренді тас жолына шығатын жерде бензин құйған. Бірақ алысқа ұзай алмады. Біреулер жанар-жағармай станциясының аумағында от алмай қалса, қалғандары жолдың бойында өшіп қалған. Көлік жүргізушілер қалаға жаяу қайтуға мәжбүр болды.
Қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі бұл оқиғаны растады. Жанар-жағармай станциясының өзі ұсынған ақпарат бойынша 15 көлік анықталды. Барлығы сапасыз бензиннің салдарынан от алмай қалған.
"Барлық көлік жанармай жүйесін тазарту үшін техникалық қызмет көрсету станцияларына жіберілді. Ал көлік жүргізушілеріне кепілхаттар тапсырылды", - дейді әкімдік мамандары.
Кепілхаттың негізінде жанар-жағармай станциясының басшылығы шығынды өтеп береді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz