Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылған "Шығыс салбурыны – 2026" фестиваліне 176 бүркітші және тазы баптайтын 50-ден астам адам қатысып жатыр
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында құсбегіліктен алғашқы Ашық Азия кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылған "Шығыс салбурыны – 2026" фестиваліне 176 бүркітші және тазы баптайтын 50-ден астам адам қатысып жатыр.
Бозанбай ауылындағы "Бүркіттөбе" этнокешенінде басталған дүбірлі дода қазақ халқының аңшылық дәстүрін дәріптеп, ұлттық мұраны халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.
Жарысқа Қазақстаннан бөлек Түркия, Ресей, Қытай, Мажарстан, Испания, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері жиналды.
Этнокешенде 50 ақшаңқан киіз үй тігілген. Онда қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті мен қолөнері, облыстың қала, аудандарының тарихы мен туристік әлеуеті таныстырылды.
Дерек көзі: https://sputnik.kz