16 мың кітап оқыған педагог

16 мың кітап оқыған педагог

фото: pixabay.com

Тараз қаласында 16 мың кітап оқыған педагог тұрады. 49 жастағы Базарбай Дүйсенбаев 17 жасынан кітапқа үйір. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мектеп мұғалімі бүгінде  білген-түйгенін оқушылармен бөлісіп жүр. Кітапқұмар жан облыстық «Дарын» лицей-интернатында 13 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 

2012 жылы елімізде алғаш рет өткен республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы. Ол кітап оқып қана қоймай, 10-ға жуық әдістемелік оқу құралын да жазған. Ал 10 жылдан бері еліміздегі ҰБТ сұрақтарын дайындауға қатысады.

Базарбай Дүйсенбаев, мектеп мұғалімі:

Ай сайын еңбек ақымның 10%-ын мен кітап алуға жұмсаймын. Ай сайын 10 кітап оқуға тырысамын. Алдыңғы қатарлы елдердің бірі, мысалы, Жапонияда жылына 120 кітап оқиды екен. Бұл қандай керемет! Бай адам мен кедей адамның арасындағы айырмашылық 20 кітап дейді. Ал жетістікке жеткен адам мен жетістікке жетпей, құлдыраған адамның арасында 50 кітап айырмашылық бар екен.

Айта кетсек, елімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды. Оған қатысуға миллионнан астам оқырман  ниет білдірді. Бастамаға мектеп оқушыларынан бастап, кітапсүйер қауымның барлығы атсалыса алады, деп жазды 1tv.kz. 

Шарттарына тоқталсақ, қатысушылар 7 бағыттың бірін таңдап, 6 ай ішінде 15 кітап оқуы тиіс. Марафон аудан, қала, облыс деңгейінде өтеді. Осы кезеңдерден үздік шыққандарға келесі жылдың наурызында ақшалай сыйлықтар беріледі. Ал одан іріктелген кіл жүйріктер республикалық финалда бақ сынайды. 

Ақтық сатыда 10 жеңімпаз анықталып, олардың әрқайсына 10 млн теңгеден тарту етіледі. Жеңімпаздардың есімі 23 сәуір – Ұлттық кітап күнінде жарияланады.

 

Қосымша ақпарат 1tv.kz, qazaqstan.tv сайттарынан алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите