Азиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі

Азиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі

фото: pixabay.com

Азия ойындарының жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні белгілі болды.  ҚР Туризм және cпорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, чемпионға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың, қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде қаржылай ынталандыру қарастырылған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы «24KZ» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 84 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 8-орынмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында 12 алтын, 24 күміс, 48 қола бар. Сондай-ақ нәтижелер алдыңғы халықаралық жарыстардағы көрсеткіштермен салыстырылып, оған әсер еткен факторлар сараланады. 

«Егер талдау барысында жекелеген спорт түрлеріндегі қазіргі дайындық жүйесі күткен нәтиже бермегені анықталса, тиісті шешімдер қабылданады. Қажет болған жағдайда жекелеген федерациялардағы жұмыс тәсілдері толық қайта қаралуы мүмкін», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

 Сонымен қатар жауапты ұйымдардың халықаралық аренадағы жұмысын күшейту мәселесі де қарастырылады.
 

Ақпарат 24KZ сайтынан алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите