Жүк пойызының машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы құтқарды

Жүк пойызының машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы құтқарды

фото: Видеодан алынған кадр https://kaz.inform.kz/news/zhuk-poyizinin-mashinis-dalada-zhalgiz-zhurgen-tort-zhasar-balani-kutkarip-kaldi-11809702

Машинист теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды тоқтатқан. Оқиға 20 қыркүйекте Сарыөзек–Үштөбе учаскесіндегі Тауарасы–Айнабұлақ аралығында болған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған даладағы төрт жасар баланы байқап қалған, деп жазды kaz.inform.kz.

— Шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алды. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады, — делінген хабарламада.

Баланы ата-анасымен байланысқан Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында жылқысын пойыз қаққан тұрғын 531 мың теңге өтемақы төлейді.


 

Ақпарат kaz.inform.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите