Былтыр қыркүйек айында алғашқы қазақстандық стейблкоин айналымға шығарылған болатын
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда шығарылған стейблкоиндерді қай салада пайдаланатынын айтты.
Былтыр қыркүйек айында алғашқы қазақстандық стейблкоин айналымға шығарылған болатын. Оны "EVO" (Evolution - эволюция) деп атаған.
Биыл жазда президент осы секторды дамыту туралы жарлыққа қол қойған. Негізгі мақсат - цифрлық активтердің толыққанды индустриясын қалыптастыру. Стейблкоиндерді пайдалану аясы да кеңейеді.
"Олар тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуде, экспорттық-импорттық операцияларда және трансшекаралық аударымдарда қолданылады. Бұл есеп айырысуды жеделдетіп, бизнес шығындарын азайтады", - деді Сүлейменов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, стейблкоин теңгемен есептеледі. Онымен криптовалютаны айырбастауға болады. Сондай-ақ, криптокартаның көмегімен төлем жасауға мүмкіндік бар.
Дерек көзі: https://sputnik.kz