Педикулез - биттен туындайтын паразиттік ауру

Педикулез - биттен туындайтын паразиттік ауру

фото: pexels.com

         Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті  ұсынады 

Педикулездің алдын алу

     Педикулез - адамның терісі мен шашында паразиттік тіршілік ететін, қанымен қоректенетін биттерден туындайтын паразиттік ауру. Адамда биттің үш түрі паразиттік тіршілік етуі мүмкін: бас биті, киім биті және шат биті. Ең жиі кездесетіні - бас педикулезі. Биттер бөртпе сүзегін және адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін кейбір қызба түрлерін тасымалдауы мүмкін.

 Жұғу жолдары: педикулез негізінен бит жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынас жасау, сондай-ақ оның жеке заттарын пайдалану кезінде жұғады.

 Жұқтыру қаупі мына жағдайларда өте жоғары:

 - балалардың ұйымдасқан ұжымдарда, балабақшаларда, мектептерде, лагерьлерде, интернаттарда тығыз қарым-қатынаста болуы;

 - адам көп жиналатын қоғамдық көлікте және орындарда болу;

 - ортақ жеке заттарды: тарақтарды, бас киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтарын пайдалану.

 Педикулездің негізгі белгілері:

 - бит шаққан жерлерде, әсіресе бас терісінің қышуы;

 - теріде, негізінен шаштың шекаралас бөліктерінде бөртпелер мен қызыл дақтардың пайда болуы;

 - қатты қышыну салдарынан терінің тырналуы және зақымдануы;

 - шашқа, әдетте оның түбіне мықтап жабысып орналасқан сіркелердің (бит жұмыртқаларының) болуы.

 Уақтылы емделмеген жағдайда ауру пиодермиямен — тырналған және зақымдалған теріге бактериялардың түсуінен пайда болатын терінің іріңді инфекциясымен асқынуы мүмкін.

Фото: pexels.com.

 Қауіп тобы: педикулезге ең көп бейім балалар, өйткені олар құрдастарымен жиі тығыз қарым-қатынаста болады. Бит немесе сірке анықталған жағдайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет. Медицина қызметкері қолдануға рұқсат етілген педикулезге қарсы дәрілік заттарды таңдау және оларды нұсқаулыққа сәйкес дұрыс пайдалану жөнінде ұсынымдар береді.

 Маңызды:

 - отбасының барлық мүшелерін бір мезгілде қарап-тексеріп, қажет болған жағдайда өңдеу жүргізу;

 - бір ай бойы отбасының барлық мүшелерінің шашты бас бөлігін үнемі қарап-тексеру;

 - жеке бас гигиенасы қағидаларын және тұрғын үй-жайдың санитариялық жағдайын сақтау.      

 Педикулездің алдын алу үшін:

 - педикулез анықталған адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу

 

         Спикер: Қасымхан Алпысбайұлы - Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите