Алматы қаласының полициясы айыппұл тұрағына тоғытылған самокаттарды көрсетті.
Қазіргі кезде тұрақта әртүрлі кикшеринг компанияларының 9 мыңнан астам электрсамокаты бар.
Барлығы жол ережесіне енгізілген жаңа талаптарды бұзғаны үшін айыппұл тұрағына тоғытылған болатын. Олар:
тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүрмеу;
18 жаста болу;
кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы;
қорғаныс шлемін пайдалану;
қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану.
"Қазіргі кезде электрсамокатпен тек веложолақпен және жолдың жиегімен ғана жүруге болады", - дейді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетері, 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуар мен жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне тыйым салынған.
Сондай-ақ кикшеринг компанияларына да қойылатын талаптар күшейтілді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz