Жаңа Зеландияға қалың қар жауды

Жаңа Зеландияға қалың қар жауды

фото: The Guardian/kaz.inform.kz

Жаңа Зеландияның бірқатар өңірінде күн күрт суытып, аяз күшейді. Елдің Оңтүстік аралының таулы жерлері мен жоталарын қар басты, деп хабарлайды The Guardian.

ҚазАұпарат жазғанындай, Данидин қаласын қалың қар жапса, Крайстчерч қаласындағы Порт-Хиллс жотасы ақ көрпеге оранды. Суық ауа райы қар аралас жаңбыр, бұршақ және қатты мұздай желмен қатар жүріп жатыр.

Веллингтон мен елдің тағы бірнеше өңірінде де ауа райы күрт суытып, қолайсыз жағдай қалыптасты.

Жаңа Зеландияның метеорологиялық қызметі түнде ауа температурасы одан әрі төмендейтінін ескертті. Соның салдарынан қатты үсік болып, жолдарда көктайғақтың пайда болу қаупі жоғары.

Табиғаттың тосынсыйы: Жаңа Зеландияға қалың қар жауды Фото: Жаңа Зеландия метеорологиялық қызметі / X желісіЖаңа Зеландия, қар Фото: New Zealand Police

«Эль-Ниньо» құбылысы 2026 жылдың тамыз-қазан айларында күшейіп, әлемнің көптеген өңірінде ауа температурасының қалыпты деңгейден жоғарылауына және жауын-шашын тәртібінің айтарлықтай өзгеруіне әкелуі мүмкін7

 

Ақпарат "ҚазАқпарат" агенттігінен алынды. 

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите