Вашингтон Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бере алмайды

Вашингтон Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бере алмайды

фото: pexels.com

Трамп Иранның ядролық нысандарын тағы да соққы астына аламыз деп отыр

 

Дүйсенбі күні АҚШ Ормуз бұғазындағы Иранның Кешм аралына соққы жасады, деп хабарлады Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі FOX News арнасына сілтеме жасап. 

Бұл операция Иран күштерінің Американың ұшағын атып түсіруіне жауап ретінде басталды және американдық тараптың айтуынша, тек қорғаныс сипатында болған. Оқиға АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылдарының қайта басталуын немесе шиеленістің өршуін білдірмейді.

Трамп Иранның ядролық нысандарын тағы да соққы астына аламыз деп отыр

 Фото: myjoyonline.com

Иранның IRNA ақпарат агенттігі аралда бес жарылыс болғанын хабарлады. Кешмде жер асты зымыран кешені, әскери-теңіз базасы және ірі су тұщыландыру зауыты орналасқан.

Оқиға аясында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығысты «өте жұмсақ соғыс» деп атап, АҚШ Ирандағы Киркук ядролық нысанына «бір сағат ішінде» соққы беруі мүмкін деп ескертті.

Трамп Вашингтон Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бере алмайтынын мәлімдеді. Ол Тегеранмен келіссөздер жүріп жатқанын, бірақ жеке бағалауы бойынша, келіссөздегі Иранның позициясы әлсіз екенін атап өтті.

Бұған дейін Иран тарапы егер АҚШ талаптарын орындаса, Ормуз бұғазын екі күнде ашуға дайын екенін мәлімдеген еді.

 

Материал Kazinform агенттігінен алынды. 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите