Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік награда енгізіледі

Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік награда енгізіледі

фото: aikyn.kz

       Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларға екі медальді енгізді.

       Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.

       “Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді”, – делінген хабарламада.

       Ақорда мәліметінше, бұл марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

       https://stan.kz/

       

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите