Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларға екі медальді енгізді.
Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.
“Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді”, – делінген хабарламада.
Ақорда мәліметінше, бұл марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
https://stan.kz/