Непалдағы су тасқыны құрбандарының саны 360-қа жетті

Непалдағы су тасқыны құрбандарының саны 360-қа жетті

фото: pixabay.com

Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза болғандар саны 359 адамға жетті. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, жүздеген адам, оның ішінде шетелдік туристер мен қажылар әлі де хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Reuters.

Апат 26 тамызда Непал мен Қытай шекарасындағы Гималай аймағында мұздықтың опырылуынан кейін болған, деп жазды ҚазАқпарат. Су, мұз, лай мен тас араласқан жойқын ағын аңғарлар мен елді мекендерді басып өтіп, үйлерді, жолдар мен көпірлерді және басқа да инфрақұрылым нысандарын қиратып кеткен.

Соңғы мәлімет бойынша, Непалда кемінде 359 адам қаза тапқан. Тибетте тағы үш адам көз жұмды. Непал мен Қытайда 1,4 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Олардың арасында ондаған елден келген туристер мен қажылар бар.

Число жертв наводнения в Непале достигло 359 человек

Фото: Reuters

Көптеген шетелдік азаматтар Непал арқылы Тибеттегі индуизм мен буддизм діндерін ұстанушылар үшін қасиетті орындардың бірі саналатын Кайлаш тауына бет алған. Су тасқыны шекарадағы Гиронг өткізу пункті орналасқан аумаққа да зиян келтірді.

Құтқару қызметтері хабар-ошарсыз кеткендерді іздеп жатыр. Қираған жолдар мен көпірлер, сондай-ақ таулы жердің қолжетімсіз болуы жұмыстарды қиындатып отыр. Адамдарды эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу үшін тікұшақтар тартылған.

Бастапқыда табиғи апатқа жер сілкінісі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда АҚШ Геологиялық қызметі тіркелген сейсмикалық сигнал жер сілкінісінен емес, мұздықтың опырылуы мен одан кейінгі лай көшкінінен туындаған деген қорытындыға келген.

Бұған дейін Kazinform Непалдағы жойқын су тасқынына Лхендэ өзенінің арнасын уақытша бөгеп қалған мұздық пен тау жыныстарының опырылуы себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Табиғи бөгет бұзылғаннан кейін қуатты су ағыны өзеннің төменгі ағысына қарай ұмтылған.

Сондай-ақ Kazinform су тасқынынан кейін жоғалғандар арасында Қазақстан азаматы барын хабарлаған болатын. Ол туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткен. Қазақстандық дипломаттар оның қай жерде екенін анықтап жатыр.

27 тамызда Kazinform Непал мен Қытай аумағында мыңнан астам адамның із-түзсіз жоғалғанын жазған еді. Сол кезде Қытайдың Сицзан аймағында 558 адам, оның ішінде 260 шетелдік іздестіріліп жатқан.


Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите