"Армения палитрасы" Алматыда

"Армения палитрасы" Алматыда

фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі

2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен Армения Республикасының Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының қолдауымен «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрмеде музейдің қор коллекциясында сақталған армян суретшілерінің туындылары ұсынылады. Экспозицияға XX ғасырдағы армян бейнелеу өнерінің негізгі даму бағыттарын айқындайтын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары енгізілген. Көрермен назарына армян өнерінің көрнекті шеберлері — Иван Айвазовский, Мартирос Сарьян, Минас Аветисян, Дмитрий Налбандян, Мариам Асламазян, Александр және Лавиния Бажбеук-Меликян, Эдуард Исабекян, Оганес Зардарян, Григор Ханджян, Роберт Элибекян және басқа да танымал суретшілердің шығармалары ұсынылады.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорында көркемдік құндылығы жоғары армян өнерінің бірегей туындылары сақталған. Жинақтың негізгі бөлігі 1960–1970 жылдары көрме қызметінің белсенді дамуы арқасында, музейаралық мәдени алмасу тәжірибесі және шығармашылық ұйымдардан түскен толықтырулар нәтижесінде қалыптасты.

Экспозиция әртүрлі буын өкілдері саналатын суретшілердің шығармаларын бір арнаға тоғыстырып, XX ғасырдағы армян өнерінің эволюциясын, жанрлық және көркемдік бағыттарының алуан қырын кешенді түрде таныстырады. Көрмеге пейзаждар, портреттер, натюрморттар мен тақырыптық композициялармен қатар мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары да енгізілген.

Көрменің негізгі мақсаты – музей қорындағы армян өнері коллекциясын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту.

 

 

 

Көрме 2026 жылдың 12 тамызынан 2 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.

Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.

 

 

 

Көрме кураторы:
Бибігүл Кусаинова
«Шетел өнері» бөлімі
Тел.: +7 (727) 394-57-15 (ішкі 166)

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите