Биыл қыркүйек айында зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа тәртібі күшіне енеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарына қатысты өзгерістерді жариялады.
"Негізгі өзгеріс бойынша бұрын қолданыста болған шектеулердің толықтай алынып тасталуы. Егер осыған дейін салымшылар жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға зейнетақы активтерінің 50%-ынан аспайтын бөлігін ғана сенімгерлік басқаруға бере алса, енді бұл шектеу толығымен жойылады. Азаматтарға жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы ұсынылады", - дейді министрлік мамандары.
Осылайша, қазақстандықтар тәуекелі төмен немесе жоғары табысты инвестициялық стратегияны өз қалауынша таңдап, зейнетақы есепшотындағы барлық қаражатын басқара алады. Бірақ инфляциялық тәуекелдер бюджет қаражаты есебінен өтелмейді. Себебі салық төлеушілердің қаражаты азаматтардың жеке инвестициялық шешімдерінің нәтижесін өтеуге жұмсалмауы тиіс.
Ал жеке инвестициялық портфельді басқарушылар үшін талап қойылып отыр. Олар теріс инвестициялық нәтиже туындаған жағдайда айырманы өз капиталы есебінен өтеуге міндетті. Компанияның меншікті капитал кемінде 1,9 млрд теңге болуы шарт.
Айта кетері, қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы зейнетақы реформасын пысықтауға кірісті. Сарапшылар бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Олар: сақтандыру құрамдасын енгізу, "4+1" моделі, еңбек өтілін 40 жылға дейін есепке алу, сондай-ақ Сингапурдың зейнетақы жүйесінің моделі.
Дерек көзі: https://sputnik.kz