Балақай, кітап оқып, бәйге ал!

Балақай, кітап оқып, бәйге ал!

фото: Pexels.com

Әдебиетті, әсіресе күрделі шығармаларды оқу жасөспірімдердің  табандылықты, зейінділікті және бірнеше сюжеттік желілерді есте сақтау қабілетін жаттықтырады. Жаз мезгілінде, міндетті сабақтар болмаған кезде, бұл баланың кітап оқуға деген дағдыларын сақтаудың жақсы тәсілі.

Кітап оқып, ойыңды еркін жеткізе аласың ба? Онда бұл байқау дәл сен үшін.

Байқау Ғабиден Құлахмет қорының қолдауымен ұйымдастырылады. Жалпы жүлде қоры – 600 000 теңге!

Байқауға қатысу шарттары:
1. «Ақ желкен» журналына жазылып, түбіртегін 87059701088 What’s App
нөміріне жолдау.
2. Үш кітапты оқу қажет:
* Іздер құпиясы. Балаларға арналған тұңғыш детективті роман. Автор: Бекен
Ыбырайым.

* Момақан қыз. Балалар мен жасөспірімдерге арналған повесть. Автор: Нұрдәулет
Ақыш

* Теріс аққан өзен. Жалпы аудиторияға арналған философиялық ертегі. Автор: Жан-Клод Муғлөва

Байқау кезеңдері:
І кезең – ONLINE ІРІКТЕУ
Қатысушы өзі оқыған кітаптардың біреуі бойынша 1-2 минуттық қысқа видео түсіріп, aqjelken_magazine Инстаграм аккаунтын белгілеп, өз парақшасында жариялайды.
Видеода:
* кітаптың мазмұнын;
* әсер еткен тұстарын;
* кейіпкерлер туралы ойын;
* шығармадан алған әсерін еркін жеткізуі керек.
Үздік жұмыстар келесі кезеңге өтеді.

ІІ кезең – ЖАРТЫЛАЙ
ФИНАЛ
Бұл кезеңде қатысушылар:
* арнайы сұрақтарға жауап береді;
* кейіпкерлерге талдау жасайды;
* кітаптар бойынша пікір алмасады.

ІІІ кезең – ФИНАЛ
Финалда үздік қатысушылар бақ сынайды. Бұл кезеңде:
* блиц-сұрақтар;
* кітап талдауы;
* storytelling форматындағы сайыстар өтеді.

Жүлде қоры
І орын – 250 000 теңге
aq jelken
ІІ орын – 150 000 теңге
ІІІ орын – 100 000 теңге

Номинациялар:
«Үздік кітап талдаушы» –
50 000 теңге
«Үздік видео-review» –
50 000 теңге
Байқауда не бағаланады?
* шығарманы түсіну деңгейі;
* ойды еркін жеткізу;
* сөйлеу мәдениеті;
* кітапқа деген көзқарас;
* креатив пен ерекше талдау.

Байқау мерзімі:
І кезең: Қатысушылар 2026 жылдың 20 желтоқсанына дейін видео мен жазылым түбіртегін
жолдауы керек (87059701088).

ІІ кезең: 2027 жылғы 15 қаңтарға дейін қатысушылармен онлайн кездесу ұйымдастырылады.

ІІІ кезең: 30 қаңтарға дейін жеңімпаздар іріктеледі. Жүлдегерлер 2027 жылдың ақпан айында белгілі болады.

Байқауға Қазақстанның барлық өңіріндегі мектеп оқушылары қатыса алады.

Подписаться