Алматыда бір пәтерде 990 адам тіркеуге тұрған

Алматыда бір пәтерде 990 адам тіркеуге тұрған

фото: https://pixabay.com/

Оның бір жылға бас бостандығы шектелді

Алматылық тұрғын 990 адамды үйіне заңсыз тіркеген, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Наурызбай ауданында тұрғын сыйақы үшін өз пәтеріне 990 адамды заңсыз тіркеген.

"Резеңке пәтер иесіне "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның бір жылға бас бостандығы шектелді", - дейді прокуратура.

Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтауды ескертеді.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите