Астанада халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

Астанада халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

фото: Видеодан кадр/inform.kz

Осы күзде елордада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) — жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жасалған фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Фестиваль авторлар, digital-креаторлар, технологиялық компаниялардың өкілдері, сарапшылар мен инвесторлардың басын қосады. Алаң киноиндустрия мен AI-технологиялар тоғысатын жобаларды дамытуға бағытталады.

Фестиваль аясында қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы өтеді. Оған әртүрлі елдердің авторлары қатыса алады.

Фото: Видеодан кадр

   Сондай-ақ AI-контентке арналған конференция, авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен фильм көрсетілімдері мен туындыларды талқылау шаралары жоспарланған.

Фестиваль контент жасаудың бүкіл циклін — идеядан бастап соңғы өнімге дейінгі жолды қамтиды. Әсіресе гибридті жобаларды қоса алғанда, жаңа форматтарға ерекше көңіл бөлінеді.

Astana AI Film Festival цифрлық контент индустриясындағы жаңа бағыттарды дамыту мен кәсіби тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналады деп күтіліп отыр.

 

Подписаться