Алматыда Қазақстан киносының тарихына арналған парк пайда болады

Алматыда Қазақстан киносының тарихына арналған парк пайда болады

фото: pexels.com

Алматыда Қазақстан кинематографиясының тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz-ке сілтеме жэасап хабарлайды. 

Қаланың қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, «Қазақфильм» аумағында серуендеуге, демалуға және отандық кино өнерімен танысуға мүмкіндік беретін кинематографиялық парк жасау тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Парк бірнеше тақырыптық аймақтан тұрады

Жобаның негізіне Қазақстан киносының тарихын қалалық ортамен үйлестіру идеясы алынған. Кеңістікте бірнеше тақырыптық аймақ құру жоспарланып отыр.

Әр аймақ келушілерге отандық кинематографияның белгілі бір кезеңдегі даму тарихын таныстыруға бағытталады. Қазақстан киносының тарихын тек визуалды элементтер арқылы емес, заманауи интерактивті форматта көрсету көзделген.

Жоба аясында серуендеуге арналған аллеялар, интерактивті және мультимедиялық инсталляциялар, ашық аспан астында фильм көрсетуге арналған амфитеатр, балалар алаңы мен демалыс орындарын жасау қарастырылған.

Фильм көрсетілімдері мен мәдени іс-шаралар өтеді

Кинематографиялық парк мәдениет пен қала өмірін тоғыстыратын қоғамдық кеңістік ретінде қарастырылып отыр. Мұнда отандық фильмдердің ашық көрсетілімдерін өткізу, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру және түрлі мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Жоба жүзеге асқан жағдайда келушілер Қазақстан кинематографиясының даму жолы, айтулы туындылар мен ұлттық мәдени мұра туралы ақпаратты заманауи форматта ала алады, — делінген хабарламада.

Қазір жаңа қоғамдық кеңістіктің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

 

Ақпарат baribar.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите