Zakon.kz 2026 жылғы 6 сәуірге Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбас пункттерінде доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату курстарын ұсынды.
Ұлттық банк деректері бойынша:
- Доллар – 470,46 теңге
- Еуро – 543,1 теңге
- Рубль – 5,86 теңге
Астана
- Доллар: сатып алу – 464 теңге, сату – 471 теңге
- Еуро: сатып алу – 534,1 теңге, сату – 544,1 теңге
- Рубль: сатып алу – 5,77 теңге, сату – 6,07 теңге
Алматы
- Доллар: сатып алу – 464,3 теңге, сату – 470,3 теңге
- Еуро: сатып алу – 538 теңге, сату – 543,7 теңге
- Рубль: сатып алу – 5,85 теңге, сату – 5,99 теңге
Шымкент
- Доллар: сатып алу – 466,7 теңге, сату – 468,5 теңге
- Еуро: сатып алу – 538,1 теңге, сату – 543,8 теңге
- Рубль: сатып алу – 5,86 теңге, сату – 5,93 теңге
Көрсетілген валюта курстары материал жазылған сәтке ғана қатысты. Уақытқа байланысты шетел валютасының бағамы өзгеруі мүмкін.
Теңге бағамына не әсер етеді?
Бұған дейін журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен доллар бағамы неге төмендеп жатқанын және мұның қазақстандықтарға қалай әсер ететінін сұраған еді, деп жазды kaz.tengrinews.kz. Ол ұлттық валютаның нығайып жатқанын түсіндірді: еліміздің негізгі экспорттық тауары - мұнайдың (экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы) бағасы өсіп жатыр, бұл нарықтағы валюта ұсынысын арттырады. Соның салдарынан доллар бағамы құлдырады.
Сүлейменов Ұлттық банктің инвестициялық кеңес бермейтінін, ал қазақстандық теңгенің өз тұрақтылығын дәлелдегенін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша теңге жоғары табыстылық көрсетіп, тәуекел мен табыс арақатынасы тұрғысынан әлемдегі ең тартымды валюталардың бірі ретінде танылып, инвестиция тартып жатыр.
Ал Ұлттық банк теңгерімсіздікті болдырмауға және валюта резервтерін сақтауға көмектесетін икемді айырбас бағамын сақтауды жалғастыратынын қосты.