фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Oleg_Elkov
Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шаралар аяқталып келе жатқанын хабарлады.
Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатар мен Сауд Арабиясы Корольдігінен эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Аймақтағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста және қажетті қолдау көрсетуде», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Таяу Шығыстан Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындаған.
https://nege.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через