фото: pexels.com
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы.
Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады.
Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын!
Наурыз мейрамында Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады.
Үй-іші, ауыл-аймақ аман болсын,
Тыныштық баршамызға заман болсын.
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартулы дастарқанға тағам болсын!
Күніміз ұлысты болсын,
Жеріміз ырысты болсын.
Өрісіміз малға бай, дүбірлі болсын,
Халқымыз жанға бай, үбірлі-шүбірлі болсын.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через