фото: https://www.istockphoto.com/portfolio
Қазақстанның 13 өңірі мен Астанада күн райына байланысты ескерту.
Синоптиктер күн райына байланысты Қазақстанның 13 өңірі мен Астанада ескерту жариялады.
Астанада көктайғақ, таңертең тұман, оңтүстік-батыстан желдің екпіні түнде және таңертең секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады; күндіз қар мен жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыс жел секундына 15–28 метрге дейін күшейеді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел 15–20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында тау бөктері мен таулы аудандарда тұман, жолдарда көктайғақ; желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр.
Қарағанды облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын; жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с.
Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ, жел.
Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында қар, жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, тұман; жел кей жерлерде секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Көрсетілген барлық өңірлерде тұрғындар мен жүргізушілерге абай болуға кеңес беріледі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через