фото: pixabay.com
Мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға бағытталған республикалық "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. Polisia.kz.
Тексеру тек автобустарға ғана емес, мегаполис аумағында жолаушыларды тасымалдайтын барлық көлікке жүргізіледі, деп хабарлады Polisia.kz портал тілшісіне. Көліктің техникалық жағдайына, рұқсат құжаттарының болуына, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуына, сондай-ақ заңсыз тасымал фактілеріне аударылады.
– Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда. Биыл қоғамдық көліктердің қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 31 адам жарақат алды. Бұл профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін көрсетеді. Аталмыш іс-шара аясында біз тек қоғамдық көліктерді ғана емес, барлық тасымалдаушыны тексереміз. Біздің міндетіміз – қатаң бақылау жүргізу, заңсыз тасымал фактілерін болдырмау және қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Жолдағы заң мен тәртіп — қала тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через