фото: pixabay.com
Жаңа Ата заңымыздың жобасы жарияланды. Мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарық көрді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
с.
Бірінші бөлім - Конституциялық құрылыс негіздері. Бұл бөлім 11 бапты қамтыды. Ең маңызды тұстары Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ең жоғары құндылық - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Ал билік - заң шығарушы, атқарушы және сот болып үш тармаққа бөлінеді. Жер, су және табиғи ресурстар халыққа тиесілі, мемлекет халық атынан иелік етеді.
Екінші бөлім - азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы. Онда өмір сүру құқығы - әр адамның ажырамас құқығы екені жазылған. Өлім жазасына тыйым салынған. Ешкімді сот шешімінсіз ұстауға болмайды. Ұсталған сәттен бастап адвокат көмегін пайдалануға және кінәсіздік презумпциясына құқылы. Азаптауға, зорлық-зомбылыққа және адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазаларға қатаң тыйым салынады. Хат-хабар, телефон сөйлесулері және дербес деректер заңмен қорғалады.
Үшінші бөлім - Президенттің мәртебесі және сайлану тәртібі жайында. Мемлекет басшысы, ең жоғары лауазымды тұлға, халық пен билік бірлігінің нышаны делінген. Президент 7 жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Қайта сайлануға тыйым салынған.
Төртінші бөлім - Құрылтай, бесінші - Үкімет, алтыншы бөлім - Қазақстан Халық Кеңесі жайында. Ол бөлімдер де бірнеше баптан тұрады. Одан кейін Конституциялық Сот, Сот төрелiгi, Прокуратура, Құқық қорғау тетіктері, Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жайында қамтылды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через