фото: https://www.istockphoto.com/ru
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов авиаотын бағасының айтарлықтай төмендегенін айтты. Бұған дейін бір тонна авиаотын шамамен 1200 доллар болса, қазір оның бағасы 950 доллар деңгейіне дейін түсті. Бұл өзгеріс авиаотын нарығындағы делдалдардың жұмысы тоқтатылғаннан кейін мүмкін болды.
Премьер-министрдің айтуынша, бұл шешім Қазақстанның әуе кеңістігін шетелдік авиакомпаниялар үшін тартымды ете түседі.
Сонымен қатар, биыл елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы салынып, қайта жөнделмек. Ал Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы басталады. Бұл қазіргі негізгі жолақты жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Жаңа ұшу-қону жолағы іске қосылған соң, Астана әуежайының жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі 4 есе артып, жылына 40 миллион адамға дейін жетеді.
Ал шілде айында Алматы әуежайының ішкі терминалын жөндеу жұмыстары аяқталады. Соның нәтижесінде әуежайдың өткізу қабілеті 14 миллионнан 19 миллион жолаушыға дейін ұлғаяды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через