фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/naito
Мамандардың айтуынша, қыста С дәруменінің тапшылығы жиі байқалады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мандарин, апельсин, грейпфрут, помело секілді цитрус жемістерін тұтыну маңызды. Биолог Иван Наполов атап өткендей, бұл жемістер құрамындағы С дәрумені ағзаның қорғаныс қабілетін арттырып, вирустар мен бактерияларға қарсы тұруға көмектеседі.
Қыстың соңына қарай құрма жеу де пайдалы. Ол С және А дәрумендеріне, В тобы дәрумендеріне, сондай-ақ калий мен магнийге бай. Бұл элементтер иммунитетті нығайтып қана қоймай, жүрек пен қан тамырлары жүйесінің жұмысын қолдайды, ас қорыту процесін жақсартады.
Қыс мезгілінде анар да ерекше маңызға ие. Анар С, Р, В6, В12 дәрумендерінің көзі ретінде белгілі. Құрамындағы анти оксиданттар ағзаны нығайтып, гемоглобин деңгейін көтеруге, қан қысымын тұрақтандыруға ықпал етеді. Соныменқатаролкалийге, магнийгежәнежасұныққа бай болғандықтан, қан аздықтың алдын алуға және зат алмасуды жақсартуға септігін тигізеді.
Сарапшылар ұзақ сақталатын алма сорттарын да күнделікті рационға қосуды ұсынады. Алма — С, А, Е, К дәрумендерінің, В тобының, жасұнық пен анти оксиданттардың табиғи көзі. Ол иммунитетті күшейтіп, жүрек пен жүйке жүйесін қолдайды, ас қорытуды реттейді және холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Банан да қысқы мәзірге лайық жеміс. Құрамындағы калий, магний және В6 дәрумені ағзаның сергектігін сақтауға ықпал етеді. Әсіресе В6 дәрумені серотониннің түзілуіне қатысып, көңіл күйді тұрақтандыруға, шаршау мен ұйқысыздықты азайтуға көмектеседі. Дегенмен оның калориясы жоғары екенін ескерген жөн.
Дәруменге бай табиғи өнімдерді орнымен тұтыну — қыс мезгілінде саулықты сақтаудың тиімді жолы.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через