Қазақстан халқының саны жарияланды

Қазақстан халқының саны жарияланды
фото: https://pixabay.com/

Ұлттық статистика бюросы жаңа ақпарат жариялады. 

Қазақстан халқының саны жарияландыФото: inbusiness.kz

Жаңа дерек бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны – 20 495 975 адам, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға өсті.

Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жетті, ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады.

1 миллионнан аса қазақстандық мына өңірлерде тұрады:

Астанада – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);

Алматы облысында – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);

Жамбыл облысында – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);

Шымкентте – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);

Қарағанды облысында – 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).

Халқы аз өңірлер:

Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайды);

Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға азайды);

Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайды).

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалаларда 13 029 803 қазақстандық (256 688 адамға артты), ауылдарда – 7 466 172 қазақстандық тұрады(44 112 адамға азайды).

Дерек көзі: https://inbusiness.kz