«Нипах» вирусынан сақтану жолдары

«Нипах» вирусынан сақтану жолдары
фото: pixabay.com

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Оңтүстік-Шығыс Азияға баруды жоспарлаған отандастарымызға сақтық шараларын қатаң ұстану керегін ескертеді. Себебі «Нипах» вирусы адамға өте қауіпті . Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандар жеке бас гигиенасын сақтауды, яғни қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану керегін, тек ауыз суды пайдалану, шикі құрма шырынын ішпеу және жануарлармен ластануы мүмкін өнімдерді тұтынбау, сондай-ақ, жеміс-жидек пен көкөністерді әрдайым жуып, қабығын ашып жеу керегін айтады. 

Вирус белгілері: жоғары температура, жөтел, қатты бас ауруы — мұндай жағдайда шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет. 

Айта кетейік, бұл вирус осы айдың басында Үндістанның Батыс Бенгал штатында екі адамнан табылды. Дегенмен, олармен байланыста болып, карантинге жабылған 196 тұрғыннан қауіпті вирус анықталмады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, «Нипахтың» әлемге таралу қауіпі төмен.