Кімдер пойыз билетін 25% жеңілдікпен ала алады

Кімдер пойыз билетін 25% жеңілдікпен ала алады
фото: pixabay.com

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен ала алады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол үшін құны 3000 теңге болатын QURMET дисконттық картасы қажет. Карта 1 жылға жарамды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға билет алуға мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ 15-25 жас аралығындағы жастарға арналған KETTİK33 картасы енгізілді. Карта арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға 33% жеңілдік беріледі. Дисконттық карталар азаматтың жеке атына рәсімделеді, тек вокзал кассаларында сатылады. 

Жеңілдіктер кассада немесе bilet.railways.kz арқылы алынған билеттерге ғана қолданылады. 

Айта кетейік, жаз мезгілінде, мерекелер мен каникул кезінде жеңілдіктер уақытша тоқтатылады.